Үнемі өсіп отырған тұтыну көлемінің негізгі факторлары - бұл транзиттік көлік, сондай-ақ көрші елдерге кететін экспорт, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Ең қарапайым есептеулер бойынша, өткен жылы транзиттік көліктің үлесіне 150 мың тоннаға жуық дизель отыны келген. Тағы 200 мың тонна жанармай "сұр" экспортпен шығарылды ("IHS Markit" есептеулері бойынша).
ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, мұның себебі - бағаның айтарлықтай айырмашылығы. Қазақстан жанар-жағармай бағасы ең төмен елдер тізіміне кіреді. Мысалы, Ресейде дизель отынының құны литріне орташа есеппен 345 теңгені құрайды, бұл 45% -ға қымбат. Ал Қырғызстанда бағасы 64%-ға жоғары және 390 т/л құрайды, Өзбекстанда ол екі есе қымбат-480 т/л (101%).