Маңғыстау облысының Астана төріндегі мәдени күндері аясында «Ақиық өлке, алғи жыр» атты әдеби сазды кеш өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Кеште Маңғыстаудың белгілі ақындары Асылбек Жаңбырбай, Алтынбек Алибаев, Тілеген Әли, Жұмагүл Мұрсал өз шығармаларын оқып, әдебиет сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді.
Сонымен қатар кешті Рафхат, Айгүл Құбаш кешті сазды даусымен тербесе, күйші Әлия Қарамұхан қара домбыраның үнімен көптің құлақ құрышын қандырды.
Әрі қарай Маңғыстаудың мәдени күндері М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында жалғасады. Онда маңғыстаулық театр саңлақтары М. Әуезовтың «Қорғансыздың күні» шығармасын сахналайды.