ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев лудоманиямен күресуге арналған іс-шаралар туралы айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Лудомания проблемасына қатысты қоғамдық резонансты ескере отырып, депутаттық корпуспен бірлесіп құмар ойындарына шектеу қою үшін бірқатар заңнамалық түзету әзірленді. Біз жас шегін 25 жасқа дейін көтеруді, кез келген жарнамаға тыйым салуды қарастырып жатырмыз», - деді министр.
Бұдан басқа, ойыншыларды теріс пайдаланудан қорғау үшін «жауапты ойын» халықаралық қағидатын енгізу жоспарланған. Яғни адам борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген болса, оған құмар ойындарға қатысуға біржақты тыйым салынбақ.
Айта кетейік, елімізде 350 мыңнан астам адам құмар ойындарын ойнайды.