Қорғаныс министрлігінің өкілі Жаңаөзен қайтыс болған сарбазға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында министрлік өкілі 2022 жылдың басынан бері 4 әскери қызметшінің суицидке барып, қайтыс болғанын атады. Қайғылы оқиғалардың әскердегі әлімжеттікке қаншалықты қатысы барын министрлік өкілі түсіндіріп берді.
«Қарулы Күштерде мұндай деректер тіркелді. Бірақ Қарулы Күштердің де қоғамның бір бөлігі екенін атап өткен жөн. Қоғамда болып жатқан барлық процестер Қарулы күштерде де жүреді. Сіз қазір айтқан мәселе де бар. Біз Қарулы Күштер құрылымы болып саналамыз, тек Қорғаныс министрлігіне бағынатын әскери бөлімдерге жауап бере аламыз. Бізден бөлек, Ішкі істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Төтенше жағдайлар министрлігіне және Мемлекеттік күзет қызметіне бағынатын әскери бөлімдер де бар», - деді Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов.
Қорғаныс министрлігінің тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті басшысының міндетін атқарушы Серік Борамбаев ведомство әскери қызметшілердің қаза болуына жауапты екенін атады.
«Біз жауаптымыз. Әрбір жағдай марқұмның туыстары мен жақындары үшін ғана емес, барлық Қарулы Күштер үшін де орны толмайтын қайғы. Бұл ретте жауапкершілік төменгі деңгейден Қорғаныс министрлігінің басшылығына дейін бәріне артылады. Сондықтан әр жағдай жеке және ерекше тәртіпте қарастырылатынын түсіну керек. Қарулы Күштер мен басқа әскерлер мен құрылымдар бар. Мерзімді қызмет сарбаздары, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, офицерлер бар. Офицерлермен және келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен байланысты өлім де әртүрлі: ауырып қайтыс болғандар, дол-көлік апатына ұшырағандар бар, өйткені олар қоғамның барлық азаматтары сияқты қызметке келіп, кешке үйіне кетеді. Содан кейін олар қарапайым азаматтар сияқты күнделікті мәселелермен айналысады», - деді Серік Борамбаев.
15 желтоқсан Жаңаөзен қаласында Ұлттық ұланның сарбазы өз-өзіне қол салып, қайтыс болған еді. Ақтөбе облысының тумасы аталған әскери бөлімде 2021 жылдан бері қызмет еткен. Ал оның өліміне нақты не түрткі болғаны белгісіз.