Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов 2024 жылдан бастап Каспий теңізінде паромдар салуды бастау туралы тапсырма берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұдан басқа, стратегиялық кірме жолдарды реттеу мәселелерін пысықтау, Көлік және логистиканы дамыту институтын құруды қарастыру, авто - және т/ж жобалар үшін жерді резервтеуді қамтамасыз ету тапсырылды.