Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істігісі келетін отандастарымызға арналған жоба қолға алынып жатыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев мәлім етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Kazinform-ға сілтеп.
«Қазақстан азаматтарының Оңтүстік Кореядан жұмысқа орналастыруға рұқсат беру жүйесі бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Ол үшін орталық құру жұмысы басталды. Ондағы мақсат - Оңтүстік Кореяға жұмысқа орналасқысы келетін азаматтарға тіл үйрету. Жобаны іске асыру аталған елге еңбектенуге барған азаматтарымыздың әлеуметтік және еңбек құқығын қорғауға кепіл береді», - деді Асқарбек Ертаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, жоба аясында Оңтүстік Кореяға барған отандастарымыз 3 жылға дейін заңды түрде жұмыс істей алады.
Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуіне рұқсат берілетіні туралы хабарлаған едік.