Биыл елімізде мұғалімдер мерекесі 5 қазан болып бекітілді. Тиісті қаулыны ҚР Үкіметі қабылдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Білім министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл күнді тойлау Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен байланыстырылған. Мереке ең асыл, жауапты және маңызды мамандықтың өкілдерін біріктіреді.
Бұл күні елордада Республикалық педагогтар съезі өтеді. Оған еліміздің барлық өңірінен 700-ге жуық мұғалім қатысады. Педагогтар озық және халықаралық тәжірибелерімен бөлісе алады.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстанның білім беру саласында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім берудің 500 мыңға жуық мұғалімі жұмыс істейді.
Айта кетейік соңғы төрт жылда мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. 220 мыңға жуық мұғалім берілген санат үшін 50% - ға дейін үстемақы алады. Өндірістен тартылған техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері жалақыға 35%-ға дейін қосымша ақы алады. Биыл қыркүйек айынан бастап 97 мың тәрбиешінің жалақысы тағы 30%-ға өсті.