© Egemen.kz
Елімізде "эконом" кластағы көліктер үшін салықты алып тастау туралы ұсынысқа ұлттық экономика министрі жауап берді. Әлібек Қуантыровтың сөзінше, қазір мұндай мәселе күн тәртібінде қарастырылмаған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Министр БАҚ өкілдеріне берген жауапбында көлік салығы туралы қысқа мәлімет берген.
"Көлік салығы талқыланып жатқан жоқ. Ол сол күйінде қалабереді", - деп жауап берді министр.
Бұның алдыда еліміздің ұлттық экономика министрлігі кейбір автокөлік иелерін көлік салығынан босатуды ұсынған болатын. Осы ретте ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин көлік салығын бензин акцизінің құнына ауыстыру нұсқасы талқыланып жатқанын жеткізген еді. Сонымен бірге, қозғалтқыш көлемі 3,5-4 литрге дейінгі автокөліктерді салықтан босату қарастырылғанын атаған.