Еңбек министрлігі 2023 жылға арналған қандастар мен мигранттарды қабылдаудың өңірлік квотасына түзету жобасын дайындады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Жобаға сәйкес, 2023 жылға арналған қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 2287 адамға дейін ұлғаяды (бүгінгі күні – 1925 адам).
2023 жылға арналған көшіп келушілерді қабылдаудың өңірлік квотасы 6 592 адамға дейін төмендейді (қазір ол 6 727 адам).
Квота жергілікті атқарушы органдардың қажеттілігіне байланысты өзгертілмек.
Жоба 2023 жылдың 15 қыркүйегіне дейін қоғамдық талқылау үшін Open NLA порталында орналастырылған.