Биыл 19 мыңнан астам адам әскерге алынады. Шақыру науқаны 31 желтоқсанға дейін жалғаспақ, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес бірінші қыркүйектен бастап азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың күзгі науқаны басталады. Жергілікті атқарушы органдардың шақыру пункттерінде 195 қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жұмыс істейді.
- Биыл күзде барлығы 19 мыңнан астам адам әскерге алынады. Қарулы күштер қатарына 8 мыңның үстінде, Ұлттық ұланға – 6 мың, ҰҚК Шекара қызметіне – 3 мың, Мемлекеттік күзет қызметіне және Төтенше жағдайлар министрлігіне – 300 азамат шақырылады,– делінген хабарламада.