Каспий теңізінің Атырау облысы аумағындағы жағалуында қамыс өртеніп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚР төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
2023 жылғы 7 шілдеде Атырау қаласында түтін иісінің анықталуына байланысты, өрт ошақтарын анықтау мақсатында әуеден барлау жүргізу үшін "Қазавиақұтқару"АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылған.
Атырау облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник А. Ержановтың басшылығымен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен құралған комиссия мүшелері (3 адам) Каспий теңізінің жағалауында 15 шақырым радиуста аэровизуалды тексеру жүргізгенін мәлімдеді.
Жүргізілген әуеден барлау нәтижесінде, жану аумағы шамамен 5 га аумақты құрайтын 5 өрт ошағы анықталған. Жалын аумағы иесіз, Каспий теңізінің жағалауында орын алды.
Түтін теңізге қарай бағытталғандықтан, елді мекендерге қауіп жоқ. Сағат 05:40-та Атырау облысы ТЖД күштері мен құралдары қамыс өртін сөндіру үшін жолға шықты. Бүгін таңғы 8 сағат 30 минутта күштер мен құралдар қаладан 30 км қашықтыққа Кеңөзек елді мекені аумағына жеткені белгілі болды. Қамыс өртін сөндіруге Атырау облысы ТЖД, «Ақ Жайық» МТР 55 қызметкері, 13 бірлік техникасы, 2 бірлік мотопомпа және «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өртті сөндіру жалғасып жатыр.