Қаржылық мониторинг агенттігі дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға бөлінген мемлекет қаржысының ұрлануының алдын алу бойынша жұмыс жүргізуде. Қазір Агенттікте жалпы сомасы 269,3 млн теңге залалы бар 21 істі тергелуде, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Айта кетейік, ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сәйкес, 2019-2023 жылдар аралығында спортты дамытуға шамамен 300 млрд теңге бөлінген.
Агенттік тауарлар мен қызметтерді жоғарылатылған бағамен сатып алу, қызмет көрсетудің нақты орындалмауы және басқа да бұзушылықтар бойынша талдау жасалады. Сондай-ақ саланы қаржыландырудың жолдары мен көлемі, оның ішінде демеушілік көмек көлемін анықтау бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатының ұрлануына жағдай туғызатын себептерді анықтау және мұндай заң бұзушылықтардың алдын алатын тетіктерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жоспарлануда.