ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев МАЭК-тегі апаттың себептері мен кәсіпорынның қазіргі жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бұған дейін Энергетика министрлігі елдегі барлық жылу электр стансаларына аудит жүргізуге бастамашы болған. Негізгі проблемалар, соның ішінде МАЭК тозуының жоғары деңгейі анықталды.
– Апат болған МАЭК зауытындағы жағдайдың қиын екенін білдік. Бұл жағдайды жою үшін облыс әкімдігі 4,9 миллиард теңгеге жуық қаражат сұраған. Премьер-министрдің төрағалығымен өткен шұғыл жиында зауытқа 3,1 млрд теңгені бөлу туралы шешім қабылданды. Бұл апат кәсіпорынның ұзақ уақыт қаржыландырылмауының салдарынан болды. Қаржы жинақталды. Тариф жеткіліксіздігінен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Еңбекақының төмен деңгейіне байланысты кәсіби кадрлық әлеуетті қамтамасыз етуде де белгілі бір проблемалар туындады, - деп түсіндірді Энергетика министрі.