Air Astana Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі (EASA) Орталық Азиядағы тұңғыш Ұшқыштарды даярлау орталығын ашты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Нысан Астана халықаралық әуежайының аумағында орналасқан және халықаралық стандарттарға сай алдыңғы қатардағы әуе тренажерлармен жабдықталған.
L3 Harris компаниясының Reality Seven толық пилоттық авиасимуляторы ұшудың әртүрлі қырларын имитациялауға арналған еліміздегі бірегей жылжымалы ұшақ кабинасы. Оқу-жаттығу орталығының арқасында Air Astana компаниялар тобының 500-ден астам ұшқышы әуекомпанияның операциялық өндірісінен қол үзбей елімізде қайта даярланатын болады. Орталық тәулік бойы жұмыс істейді.
Алдағы 5 жылда компания жыл сайын қосымша 100 ұшқыш пен бортсеріктерді жұмысқа алуды жоспарлап отыр.