Өткен тәулікте короновирустық инфекцияға шалдыққан 68 адам анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
27 қаңтардағы мәліметке сәйкес КВИ-ден 1743 науқас ем алуды жалғастыруда. Оның ішінде 108 науқас - стационарда, 1635 науқас амбулаториялық деңгейде ем алып жатыр.
КВИ+ мен КВИ- ауырғандардың ішінде:
Ауыр жағдайда - 3 науқас;
Аса ауыр хәлде - 3 науқас;
ЖТТ құрылғысында 1 науқас жатыр.