23 желтоқсандағы мәлімет бойынша КВИ-ден емделіп жатқан отандастарымыздың саны 2 523 адамды құрады (2 399+ және 124 КВИ). Оның ішінде стационарда жатқандардың қатары 333 адамға жеткен. Сонымен бірге 2 190 науқас амбулаторияда ем-дом алуда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауырып жатқандар арасында КВИ+ және КВИ бойынша 14 адамның жағдайы ауыр. Аса ауыр жағдайдағылардың саны 4 адамға жетсе, тағы екі адамға ИВЛ аппаратына қосылған.