Бұл туралы Бас Прокурор Берік Асылов 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша Бас прокуратура алқасының кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Жоғарғы қадағалау ведомствосының басшысы прокуратура органдары елдегі заңдылықты қамтамасыз ету, қылмыскерлікке қарсы іс-қимылды үйлестіру, азаптаулардың алдын алу, азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау, бизнес пен мемлекет мүдделерін қорғау жөнінде шаралар кешенін қабылдағанын атап өтті.
Әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлардың актілері бойынша 401 мың азаматтың, оның ішінде 85 мың кәмелетке толмағандардың конституциялық құқықтары қорғалды.
Мемлекетке 39,6 млрд теңге өтелді, 69,7 млрд теңге сомасына мүлік қайтарылды. Соттарда 24,4 млрд теңгеге бюджет мүддесі қорғалды.
Прокурорлық тексеру материалдары бойынша сотқа дейінгі 256 тергеп-тексеру басталды, сотқа 111 қылмыстық іс жіберілді, 137 адам сотталды.
Жұмыспен қамту орталықтарын тексеру қорытындысы бойынша 1,4 млрд теңгені тиімсіз пайдалану, бюджет қаражатын жымқыру және 1 млрд теңгеге бизнес бастамаларды қолдауға арналған гранттарды мақсатсыз пайдалану, сондай-ақ жалпы сомасы 39,3 млн теңгеге жалған жұмысқа орналастырудың 400-ден астам фактісі анықталды.
Елімізде құрылыс салушылардан бұрын 150 саябақ, 27 балабақша, 30 мектеп пен емхананы салуға арналған жер учаскелері қайтарылды.
Нәтижесінде мемлекетке 1 млн га астам, игерілмеген және заңсыз берілген учаскелер 34 млрд теңгеге қайтарылған жерлерді нысаналы пайдалануды тексеру жалғастырылды. Жайылым тапшылығы 29 млн га-дан 8 млн га дейін қысқарды.