Ақтауда пәтерлер бағасы басқа еліміздің басқа қалаларымен салыстырғанда қымбаттады. Қайталама нарықтағы тұрғын үйлердің орташа бағалары оң өзгерісті көрсетеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz zakon.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Жылжымайтын мүліктерді сату бойынша танымал Krisha.kz сайтының мәліметінше, шілде айының қорытындысы бойынша еліміздің тоғыз қаласында пәтер бағасы өткен аймен салыстырғанда қымбаттаған. Ал сегіз қалада арзандаған.
Ақтауда тұрғын үй квадраттарының құны айтарлықтай өсіп, 4,5 пайыз қосылған. Жарты пайыз шегінде Қызылорда, Талдықорған, Ақтөбе қалаларында пәтерлер қымбаттаған. Басқа қалаларда өсу минималды. Астанада жылжымайтын мүлік бағасы орта есеппен 0,2 пайызға, Алматыда 0,4 пайызға өскен. Шымкент қаласында бағаның түсуі түркелген.
Осы уақытта қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы Ақтауда – 7,7 пайызға; Петропавлда – 4,5 пайызға; Орал қаласында-2,1 пайызға; Ақтөбеде - 1,9 пайызға; Талдықорғанда-0,8 пайызға; Көкшетауда-0,6 пайызға ; Астанада-0,2 пайызға қымбаттаған.