1 шілдеден бастап АХАТ функциялары «Азаматтарға араналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына берілді. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының негізінде технологияларды пайдалану арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электронды форматта көрсетіліп келеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
АХАТ органдары тууды, қайтыс болған, неке қию немесе некені бұзу туралы хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою, толықтыру сынды қызметтерді көрсетеді. Қазіргі таңда азаматтық хал актілерінің қызметтерін тіркеу, куәліктер мен анықтамаларды алу жұмысы бұрынғы қалыпта жалғасуда. Маңғыстау облысы бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу қызметімен 5 аудандық және 2 қалалық АХАТ бөлімдері айналысады.
2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында АХАТ бөлімдерінде барлығы 19377 азаматтық хал актілері тіркелген, оның 5229-ы шілде-тамыз айларында енгізілді. 2023 жылдың шілде-тамыз айларында АХАТ бөлімдерінде:
- 885 акт жазбасынк өзгерістер енгізілді;
- 657 акт жазбасы қалпына келтірілді;
- 5764 бастапқы куәлік берілді;
-1665 қайталама куәлік және 461 анықтама берілді.
Неке қию туралы 936 куәлік, туу туралы 3610 құжат табысталды.
Айта кетейік, ХҚКО бөлімдері дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-18:00 жұмыс істейді. Сенбі күндері Ақтау қалалық №1 бөлімі мен Ақтау қаласының МХҚО-сы кезезекшілік қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар қазақстандықтар 1414 біріңғай байланыс орталық нөмірі арқылы, еGov порталында, Egov mobile қосымшасы арқылы қызмет алып, ХҚКО-ға кезек ала алады.