Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында атом электр станциясын салу туралы шешім ұлттық референдум арқылы қабылданатынын атап өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
"2019 жылы сайлауалды тұғырнамамда ең маңызды стратегиялық мәселелер бойынша шешімдер референдумдар арқылы қабылданады деп уәде бердім.
АЭС салу немесе салудан бас тарту – еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдумда талқылауды ұсынамын. Нақты мерзім кейінірек белгілі болады", - деді Президент.