Қазақстанның бес өңірінде су тасқыны болуы мүмкін, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК өкілдері.
Синоптиктердің мәліметінше, наурызда Қазақстанның басым бөлігінде нормадан жоғары жауын-шашын жауады. Сондықтан Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарында су тасқыны болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта синоптиктер тәулік бойы Қазақстанның барлық өңіріндегі су деңгейін бақылап отыр.
"Солтүстік Қазақстан облысында қар деңгейі көпжылдық нормадан 80 пайызға жоғары, Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарында 30-60 пайызға, ал Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында 20-50 пайызға көп. Жамбыл облысында қар нормадан 30 пайызға көп болса, Алматы облысы тауларында қар деңгейі нормадан 35-45 пайызға төмен", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.
Дереккөз Tengrinews.kz
Көрнекі сурет baribar.kz алынған