ҚР Бас прокуратурасының «Әкімшілік іс-жүргізудің бірыңғай тізілімі» жобасы «Digital Almaty Awards» сыйлығын жеңіп алды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі» министрлігі 31 қаңтар күні Алматы қаласында «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» атты халықаралық форумын өткізді. Аталған форумға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің үкімет басшылары қатысты.
Интернет арқылы дауыс беру нәтижесі бойынша ӘІЖБТ«Мемлекеттік сектордағы үздік IT-жоба» номинациясында жеңімпаз атанды.
ӘІЖБТ әкімшілік істердің бірыңғай базасы әрі іс жүргізуді қозғаудан және айыппұл салудан бастап, барлық қойылған шектеулерді алып тастай отырып, оны орындауға дейін әкімшілік жауапкершілікке тарту процесін толық автоматтандырудан тұратындығын атап өткен жөн.
ӘІЖБТ жүйесі 2017 жылдың шілдесінде енгізілді. Оның іске асырылуы жедел және ашық процесті қамтамасыз етуге, азаматтарға айыппұлдарды тез және ыңғайлы төлеуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты азайтуға мүмкіндік береді.