© Ақ орда
Мемлекет басшысының Өкімімен Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап. Ғабит Жақыпбайұлы БАЙЖАНОВ 1963 жылы 1 қарашада дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің «Барлау» қызметі директорының орынбасары (2007); «Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары (2009-2015); «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры (2015-2018); 2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болды; 2019 жылғы ақпаннан бері «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры қызметін атқарған.