Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап. "Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын", - делінген Жарлықта. Осыған дейін, ол Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.
***
Б.Б.Атамқұлов Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметіне тағайындалды. [caption id="attachment_73308" align="aligncenter" width="800"] Сурет inform.kz алынған[/caption] "Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметінен босатылсын", - делінген Жарлықта. Айта кетейік, 2018 жылы 26 желтоқсанда Бейбіт Атамқұлов ҚР сыртқы істер министрі болып тағайындалған еді. Атамқұлов 1964 жылы 19 мамырда Алматы облысы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген. 1986 жылы В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының металлургия факультетін тәмамдаған. 2006 жылдан бастап дипломатиялық қызметте жұмыс істеді. Қазақстанның Германиядағы бас консулы, Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі болды. Ол сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы болды.***
Р.В.Скляр Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. [caption id="attachment_73292" align="aligncenter" width="530"] Cурет dep-turizm.mid.gov.kz алынған[/caption] "Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметінен босатылсын", - делінген Жарлықта. Скляр 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап бүгінгі күнге дейін ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі қызметін атқарды. Роман Скляр Павлодар монтаж техникумын, Павлодар мемлекеттік университетін, Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген. Роман Скляр әр жылдары Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы, аппарат басшысы, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, Астана қаласындағы энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры қызметтерін атқарды. Сондай-ақ, ол Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары, Көлік және коммуникация вице-министрі, ҚТЖ вице-президенті, Ұлттық экономика вице-министрі, Инвестициялар және даму вице-министрі болып жұмыс істеді.