ҚР сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Азамат Қуатұлы Ахметов ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Азамат Ахметов 1974 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруалығы институтын «ауыл шаруашылығы экономисті-ұйымдастырушысы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1999 жылы Д. Қонаев атындағы Гуманитарлық университетті құқықтану бағыты бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қаласында «Перизат және К» өндірістік кәсіпорнының директоры қызметінен бастаған. Түрлі жылдары коммерциялық кәсіпорындарда жұмыс істеген. ҚР Мемлекеттік тергеу комитетінде, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Қарағанды облысы бойынша кедендік бақылау департаментінде, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлік бақылауы комитетінде қызмет атқарған.
ҚР Қаржы министрлігінің құрылымында 2007 жылдан жұмыс істеп келеді.
2007–2008 жж. — ҚР ҚМ Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алулар комитетінің Қарағанды облысы бойынша Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алулар басқармасы бастығының орынбасары.
2008 ж. — ҚР ҚМ Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алулар комитетінің Қарағанды облысы бойынша Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алулар басқармасы бастығы.
2008–2014 жж. — ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының басшысы.
2014–2017 жж. — ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.
2017 ж. — ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасының орынбасары.
2017–2018 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасы лауазымында болды.
2018–2019 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы.