Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанның бірқатар елдердегі жаңа елшілері тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап. Жанар Сейдақметқызы Айтжан ол Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі, Қасиетті Иерусалим Иоанны, Родос және Мальтаның Егеменді Әскери Госпитальерлері Орденінің жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін қоса атқарудан босатылды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.