Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысын тағайындады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақорда сайтына сілтеме жасап. "Мемлекет басшысының Өкімімен Ботагөз Шаймарданқызы Жақселекова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламда. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Болат Тұрғанұлы Төкежанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.