©
Асқар Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды, - хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап. «Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын», - делінген Жарлықта. ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің атауы өзгергенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Асқар Жұмағалиев ведомствоны 2018 жылдың желтоқсанынан бері басқарып келеді.