©
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бақыт Сұлтанов Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап. «Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі болып тағайындалсын», - делінген Жарлықта. Бақыт Тұрлыханұлы 1971 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ ұлттық техникалық университетін және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Мамандығы инженер-электрик, экономист. 1994-1997 жж. - ҚР Қаржы министрлігінің жетекші экономисі, мемлекеттік бағалы қағаздар басқармасы бастығының орынбасары - бөлім бастығы. 1996-1997 жж. - ҚР Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылық мемлекеттік қарыз және кассалық қаржы басқармасы бастығының орынбасары. 1997-1998 жж. - ҚР Қаржы министрлігі бюджеттік департамент директорының орынбасары, мемлекеттік сатып алу жөніндегі департамент директоры. 1998-1999 жж. - ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті директорының орынбасары. 1999-2002 жж. - ҚР Қаржы министрлігі бюджеттік департамент директорының орынбасары, мемлекеттік бюджет департаменті директорының орынбасары, директоры. 2002-2003 жж. - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бюджеттік саясат департаментінің директоры. 2003-2006 жж. - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің орынбасары. 2006-2007 жж. - ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы, ҚР Қаржы министрінің орынбасары. 2007-2010 жж. - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі. 2010 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. 2012 жылдың қаңтар-қараша аралығында ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2013 жылдың қарашасынан 2014 жылдың тамызына дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-ҚР Қаржы министрі. 2014 жылдың тамызынан 2018 жылдың қыркүйегіне дейін ҚР Қаржы министрі. 2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың маусым айына дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.