ҚР білім және ғылым министрінің бұйрығымен Анар Сайранқызы Абылқасова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің төрайымы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап mangystaumedia.kz сайты хабарлайды. А.Абылқасова 1976 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «журналист» мамандығы бойынша, 2000 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «журналистика магистрі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде журналистика кафедрасының оқытушысы ретінде бастаған.
2000–2004 жж. — Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушысы, аға оқытушысы.
2004–2009 жж. — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің саясаттану кафедрасының аға оқытушысы, доценті.
2009–2015 жылдары ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің құрылымында жұмыс істеді: Хатшылық сарапшысы; Талдау орталығының сектор меңгерушісі, консультанты; Ситуациялық орталықтың сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2015 жылғы шілдеден бастап қазіргі таңға дейін ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған.