ҚР Үкіметінің қаулысымен Жұлдыз Қажыкенқызы Омарбекова Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіні сілтеме жасап.
Жұлдыз Омарбекова 1983 жылы Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Құқықтану маманы, әлеуметтік ғылымдар кандидаты.
Еңбек жолын 2001 жылы бастаған. Түрлі жылдары әлеуметтану пәнінен оқытушы, «Бауыржан» қайырымдылық қорының атқарушы директоры және президенті болып жұмыс істеген. 2013–2014 жылдары Алматы Мәдениет басқармасы басшысының м.а., басшысы, 2014–2015 жылдары — Алматы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2016–2018 жылдары Nur Otan партиясының Алматы қалалық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарған. 2018 жылғы қыркүйектен бастап ҚР қоғамдық даму вице-министрі лауазымын атқарған.