Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, қазақстандықтарды әскерге шақырудан босату және кейінге қалдыру туралы ақпарат беретін проактивті Мемлекеттік қызмет іске қосылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Бірнеше ай бұрын мен елордалық әскери комиссариаттардың біріне бардым, онда біз Қорғаныс министрлігінің өкілдерімен бірге осы саланы цифрландыру жоспарын талқыладық, міндеттердің бірі – әскерге шақырудан босату немесе кейінге қалдыру үшін анықтамалар үшін артық жүрістен арылу. Ол үшін бірнеше жүйені біріктіру қажет болды. Осы жылдың 1 наурызынан бастап әскери қызмет өткеру туралы өз мәртебеңізді барлық анықтама мен құжатты ұсынбай-ақ алдын ала білуге болады», - деп жазды Бағдат Мусин өз парақшасында.
18 жастан 27 жасқа дейінгі әскерге шақыру жасындағы ер адамдар өздерінің телефон нөміріне 2 мәртебе бойынша – босату немесе кейінге қалдыру бойынша белсенді хабарламалар алады. Хабарламалар мобильді азаматтар базасында тіркелген қазақстандықтарға ғана жіберіледі.
«Айта кетейік, бүгінде әскерге шақыру жасындағы 300 мыңнан астам азамат 1414-тен ЅМЅ-хабарлама алды. Бұл жоба-азаматтардың барлық өмірлік процестеріне белсенді қызмет көрсетілетін көрінбейтін мемлекет жүйесін енгізудің тағы бір қадамы. ҰАТ мен Қорғаныс министрлігінің әріптестеріне үйлесімді жедел жұмысы үшін алғыс айтқым келеді! Мұндай қызмет «Smart Data Ukimet» мемлекеттік органдардың деректер базасымен, оның ішінде ҚР Қорғаныс министрлігінің деректер базасымен интеграциялануы мүмкін болды», - делінген хабарламада.