Apple компаниясы iOS16 операциялық жүйесінің таныстырылымын өткізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Операциялық жүйе жаңа тілдермен толыққан. Енді iOS16-да қазақ және болгар тілдері болады.
Бұл ақпаратты ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин де Facebook парақшасында жариялады.
- Бүгін Apple әлем күткен жаңашылдықты жария етті. Біздің ел үшін бұл презентация аса маңызды, себебі жаңа iOS16 операциялық жүйесіне автотүзету функциясымен қазақ тілі қосылды. 2019 жылы ресми тізімге енгізілсе, енді жасанды интеллекттің автоматты түрде түзететін функцияларымен іске қосылды. Бұл – қазақ тілді қолданушылар саны артып, ана тілімізді әлем мойындап жатыр деген сөз», - дейді министр.