Мемлекеттік рәміздер алғаш рет 1992 жылы маусымда бекітілді. Бұл күн ел тарихында Ту, Елтаңба және Әнұранның туған күні ретінде мәңгі есте қалады.
Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы «Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» және 1998 жылғы 20 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіби және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына сәйкес 4 маусым республикада Мемлекеттік рәміздер күні ретінде тойланады.