• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 5 Желт. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіл...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау...

    ТЖ режимі кезіндегі азаматтар мен полиция қызметкерлерінің құқығы туралы

    [ 2022 ] 18 қаңтар, 12:25  |  Қазақстан жаңалықтары

    Төтенше жағдай кезінде азаматтарды көшеде тоқтатуға және оларды тексеруге кім құқылы? Полиция қызметкері тексеру үшін көшедегі азаматтан телефонын беруді талап ете ала ма? Бұл сауалдарға Zakon.kz маманнан, құзырлы ведомствадан жауап алды.

    ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің жауабында "Төтенше жағдай туралы" заң бойынша коменданттық сағат ережелерін бұзған адамдарды полиция немесе әскери патруль жасағы коменданттық сағат аяқталғанға дейін, ал өзімен бірге құжаттары жоқ адамдарды – олардың жеке басын анықтағанға дейін, бірақ 48 сағаттан асырмай ұстай алады. Ұсталған адамдардың жанында болған заттар мен көлік құралдары тексерілуі мүмкін.

    Жалпы алғанда, төтенше жағдай енгізілген кезде жеке басты куәландыратын құжаттарды тексеру, үсті-басын тінту, ұсталған адамдардың заттары мен көлігін тексеру сияқты шаралар мен уақытша шектеулер қарастырылады.

    Алматы облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Александр Лисиченконың айтуынша, полиция қызметкерлері, әскери қызметшілер және Ұлттық ұлан қызметкерлері төтенше жағдай кезінде көшедегі адамдарды тоқтатып, олардың құжаттарын тексеріп, тінту жүргізе алады.

    Бұл барлық құрылымдардың қызметін реттейтін салалық заңдарда қарастырылған. Төтенше жағдай кезінде осы аталғандардың барлығы көшеде азаматтарды тоқтатып, тексеруге құқылы. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, төтенше жағдай кезінде бізде қоғамдық тәртіпті қорғаумен айналысатын патрульдер ішкі істер органдарының өкілдерінен, не әскери қызметшілерден, не Ұлттық ұланнан құралады. Адвокат Александр Лисиченко

    Адвокаттың айтуынша, егер тоқтатылған адамнан қандай да бір құқық бұзушылық жасау белгілері немесе төтенше жағдайды бұзу белгілері, коменданттық сағатты бұзу және тағы басқасын байқаса, онда оған тінту жүргізіледі. Ал көшеде көрінгеннің барлығын жағалай тоқтату және оған ешқандай күдіксіз секемдене қарау заңсыз болып табылады.

    ІІМ төтенше жағдай кезінде жергілікті аумақтың коменданты өз бұйрықтары әрі қаулысымен тұрғындар үшін шектеулер енгізе алады, мысалы тұрғылықты жерінен белгіленген мерзім ішінде кетпеу түрінде деп түсіндірді.

    Сол елді мекеннің тұрғындары болып табылмайтын әрі осы талапты бұзушылар өз шығыны есебінен жыраққа шығарылады. Ережелер мен тыйымдарды бұзу әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соқтырады. Сондықтан белгіленген режимді бұзған адамдар ұсталып, полиция органдарына заңды түрде жеткізілуі мүмкін.

    Төтенше жағдай кезінде коменданттық сағатты бұзу, төтенше жағдайға байланысты енгізілген ережелер мен шектеулерді елемеу адамды ұстауға қосымша себептер бола алуы мүмкін. Мысалы, егер адамнан қылмыстың қандай да бір белгілері сырттай байқалса: атыс немесе суық қару немесе оның киімінде қанның іздері, қандай да бір жарақаттар болса, онда мұндай жағдайларда оны тоқтатып, ұстауға да болады. Полиция өкілдері, ішкі әскер сарбазы, Ұлттық ұлан және Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері де мұндай азаматтарды ұстап, құқық қорғау органдарына жеткізе алады .Александр Лисиченко

    Қандай да бір құқық бұзушылық-әкімшілік немесе қылмыстық бұзушылық жасады деп болжауға негіз болған кезде ғана адамды ішкі істер органдарына жеткізуге болады.

    ҚР ІІМ атап өткендей, заң бойынша азаматтардың жеке өмірі, жеке және отбасылық құпиясы заңмен қорғалады. Әркімнің жеке салымы, жинаған жинағы, жазысқан хаттары, телефон арқылы сөйлескен сөздері, пошта, телеграф арқылы жолданған және өзге де хабарларының құпиялылығына құқығы бар.

    Тінту мен тәркілеу сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде тергеу судьясының санкциясы, қаулысы бойынша жүргізілуі мүмкін.

    Бірақ тәркілеуге жататын зат қылмыстық және басқа да заңсыз мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін дегенге нақты қауіпті танытқан ерекше жағдайларда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қаулысы бойынша, яғни тергеу судьясының санкциясынсыз да алынуы мүмкін, бірақ кейіннен бұл материалдар тергеу судьясына бір тәулік мерзімде жолдануы тиіс. Егер бұл процесс заңсыз жасалса, онда тәркілеуден кейін шығарылған қорытындылар іс бойынша дәлел ретінде қабылданбайды.

    Бұл мәселе құқықтық тұрғыдан алғанда біршама күрделі. Ұялы телефонды және ішіндегісін тексеру тек тергеу сотының санкциясымен немесе адамның келісімімен жүргізілуі керек. Демек, тексеруді жүргізетін қызметкердің талап етуге құқығы жоқ, ол сұрауға құқылы. Егер азамат оның бұл өтінішінен бас тартса, қызметкер өз еркімен шешім қабылдайды. Бірақ ол телефонды тартып алып, оны мәжбүрлеп тексере алмайды. Ұялы телефонды алу тек тергеу сотының санкциясымен жүзеге асырылуы керек. Александр Лисиченко

    Баса назар аударуды қажет ететін заңнамалық жайттар бар. Ұялы телефонды алу нақты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында қарастырылады. Бірақ төтенше жағдай режимінде тексеру жүргізіліп жатқан адамға қатысты нақты қылмыстық іс тергелмейді. Яғни, іс-әрекеттер әкімшілік заңнама арқылы жүзеге асырылады.

    Сондықтан ТЖ режимі жағдайында адам ұялы телефонын көрсетуден бас тартса, қызметкер басқа себептерге байланысты, мысалы егер көлікте басқа да тәркілеуге жататын заттар әрі оның құқық бұзушы екенін растайтын құжаттар болса, ол адамды тексеру үшін және одан ұялы телефонды алу үшін заңда белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарына жеткізе алады. Александр Лисиченко

    Егер адам полиция қызметкерінің әрекеті заңсыз деп санаса, оған ұялы телефонын көрсетпеуге құқылы. Бірақ егер қызметкердің іс-әрекеті анық заңды болып, сонымен қатар азамат оған қарсы тұрса, онда оның іс-әрекеттерінде билік қызметкеріне қарсылық көрсету тұрғысында құқықбұзушылық белгілері бой көрсеткен болады.

    Жаппай тәртіпсіздіктерге, заңсыз әрекеттер жасауға және тағы басқасына шақыратын қандай да бір хабарламаларды таратумен айналысқанын айғақтайтын мәліметтер азаматтың ұялы телефонын тексеруге негіз бола алады. Мысалы, сол секілді көлікті тексеру кезінде онда қару-жарақ дүкенінен ұрланған болуы мүмкін қару табылған жағдайда. Тиісінше, оның кімдермен байланыста болғанын тексеру керек болады. Мүмкін ол бұл қаруды біреуге беру үшін алып бара жатқан шығар. Бұл жағдай да ұялы телефонды тексеруге негіз бола алады. Александр Лисиченко

    Егер азамат ұялы телефонын беруден бас тартса, қызметкерлер оны ұстап, одан ары тексеру үшін ішкі істер органдарына жеткізуге құқылы. Төтенше жағдай кезінде комендатураға апарады.

    1052
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Қазақстан жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    ҚР Премьер-Министрі инфляцияның өсуіне жол бермеу жұмысын күшейтуді тапсырды

    Келесі жаңалық

    Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жасады

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

      [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
      5276

      ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

      [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
      4915

      "Ралли Қазақстан-2017" 4-кезең! Маңғыстаулық Юрий Сазонов нәтижесін жақсартты!

      [ 2017 ] 25 мамыр, 05:54
      4183

      "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

      [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
      4228

      Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

      [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
      5159

      «Доссор-Ақтау порты» жолының 45 шақырымы жаңартылды

      [ 2020 ] 14 тамыз, 16:48
      3570

      Рубрикалар

        Редакция туралыТүпқарағанМаңғыстау жаңалықтарыАНТИКОРЖаңалықтарӘлем жаңалықтарыАшық қоғамСаясатРухани жаңғыруМаңғыстауХабарландыру

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

      27 қараша, 17:04
      868

      Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау

      25 қараша, 11:22
      130

      Ақтауда Қазақстан мен Әзірбайжан халықтарының ынтымақтастығын көрсететін «Достық аллеясы» ашылды

      9 қараша, 19:59
      5075

      Франция Ақтау теңіз портының инфрақұрылымына инвестиция салу нұсқаларын қарастырып жатыр

      6 қараша, 10:04
      1488

      Ұлттық Университет әлемдік бәсекеге қабілетті мамандар даярлайды

      5 қараша, 15:02
      1116

      Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу барысымен танысты

      4 қараша, 10:06
      6449

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»