Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов шетелдік вакциналарды сатып алуға қатысты түсінік берді.
«Қазіргі кезде Қазақстанда коронавирусқа қарсы үш вакцинаға қолжетімдік қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылдың төртінші тоқсанында Pfizer-ді жеткізу ескерілген. Мұнымен қоса, өзінің тиімділігі бойынша шетелдік екпелерден кем емес отандық вакцинаға қолдау жасайтын боламыз», - деді Ералы Тоғжанов Үкіметтегі онлайн баспасөз мәслихатында.