АҚШ-та вакцинаны жаңадан сайланған президент Джо Байден алды – ол 78 жаста және инфекция қатер төндіретін топқа жатады. Байденге Pfizer және BioNTech вакцинасы егілді.
Гвинея Президенті Альфа Конде «Спутник V» вакцинасымен егілген елдің алғашқы көшбасшысы. Сол елде жоғары лауазымды 19 тұлға, оның ішінде Қорғаныс министрі егілді.
Аргентина президенті Альберто Фернандес Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасымен алды. Президенттен бұрын Буэнос-Айрестің Денсаулық сақтау министрі Даниэль Голлан вакцинацияланды.
Түркия президенті Режеп Ердоған СoronaVac қытай препаратымен коронавирус инфекциясына қарсы егілді. Түркияда алғашқы екпені Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фахреттин кожа жасатты.
Ватиканда 84 жастағы Рим Папасы Франциск пен 93 жастағы Рим Папасы Бенедикт XVI Pfizer вакцинасын алды.
Наурыз айының соңында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.
Оңтүстік Корея елінің президенті Мун Чжэ Ин Ұлыбританияда өтетін G-7 саммитіне қатысу алдында COVID-19 вирусына қарсы AstraZeneca вакцинасының бірінші дозасын алды.
Актер және Калифорнияның бұрынғы губернаторы Арнольд Шварценеггер Pfizer және BioNTech вакцинасымен коронавирусқа қарсы егілді. Американдық деректі кинорежиссер Оливер Стоун Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасын салдырды.
Аты аңызға айналған бразилиялық футболшы, 80 жастағы Пеле коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын салдырғанын мәлімдеді.
*****
Сәуір айының басында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған "Спутник-V" вакцинасын салдырды.
ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды фармацевтика зауытында шығарылған "Спутник V" вакцинасының бірінші компонентін алғаны 25 маусымда хабарланды.
ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин биылғы 21 маусымда коронавирусқа қарсы вакцина алды. Үкімет басшысы Қарағандыда шығарылған «Спутник V» вакцинасын салынды.
Қазақстанда коронавирусқа қарсы QazVac отандық вакцинасын алғашқылардың бірі болып ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов және С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин алды. Сондай-ақ, еріктілердің қатарында ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев вакцина алды.
26 сәуірде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тікелей эфирде КВИ-ге отандық QazVac вакцинасымен екпе алды.
30 маусымда Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы коронавирус індетіне қарсы вакцина салдырды. Отандық QazVac вакцинасын салдырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы көпшілікке вакцина алуға кеңес берді.
Елордадағы Әбу-Даби Плаза сауда орталығындағы вакциналау бекетінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрының актері, танымал кино актер Асылхан Төлепов те «Спутник V» вакцинасын салдырды.
Әнші Әли Оқапов «Спутник V» вакцинасын салдырды. Актер, белсенді Әнуар Нұрпейісов те осы ресейлік вакцинаны қабылдады.