Тыйым салынған балық аулау құралдарын қолдану фактісі үшін жауапкершілік күшейтіледі.
Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісов айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазАқпарат тілшісіне сiлтеме жасап.
«Заңнамаға браконьерлік үшін, сондай-ақ тыйым салынған аулау құралдарын дайындау, пайдалану, сату, тасымалдау және сақтау үшін жауапкершілікті күшейту бөлігінде түзетулер әзірленді. Онда осы әрекеттер үшін әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілік қарастырылады», - деді Н. Жүнісов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Бұдан бөлек, балық аулауға тыйым салу мерзімдерін ауыстыру рәсімі оңайлатылды. Енді комитеттің аумақтық бөлімшелері балық аулауға тыйым салу мерзімін ауыстыру туралы жедел шешім қабылдауға мүмкіндігі бар.