ҚР Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауда үш саяси партия ие болған депутаттық мандаттарды жариялады. Бұл партиялар жеті пайыздық межені еңсерді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
Мәжілістегі депутаттық манданттар: «Nur Otan» партиясы – 76 мандат, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы –12 мандат, Қазақстан Халық партиясына - 10 мандат алды.
Соның ішінде Қазақстан Халық партиясына 9,10 пайыз, «Nur Otan» партиясы – 71,09 пайыз, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 5,29 пайыз, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 10,95 пайыз, «ADAL» саяси партиясы 3,57 пайыз дауыс жинады.