2021 жылғы 10 қаңтарда біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланатын, VII шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы болып өтті.
Орталық сайлау комиссиясына алдын ала электрондық түрде ұсынылған облыстық, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларының сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес «Қазақстан Халық партиясы», «Nur Otan» партиясы, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы», «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы», «ADAL» саяси партиясы ұсынған партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында сайлаушылар дауыстары, өңірлер бойынша келесідей бөлінді:
Осылайша, алдын ала нәтижелерге сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтарда өткен партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында сайлаушылар дауыстары былайша бөлінді:
«Nur Otan» партиясына – 71,09 %;
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясына – 10,95 %;
«Қазақстан Халық партиясына» – 9,10 %;
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясына – 5,29 %;
«ADAL» саяси партиясына – 3,57 %.
Дереккөз election.gov.kz