Бүгінде елімізде коронавирус жұқтырған 9 науқас тіркелген. Алматы қаласында – 7, Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам. Стационарлық карантинде 1641 адам, үй карантинінде 981 адам жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сонымен қатар, ҚХР-дан және шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда.
Барлық санаттар бойынша мониторингке 2626 адам алынды, оның ішінде 1 "а" санаты бойынша – 1689, 1 "б" санаты бойынша – 586, 2 санаты бойынша – 351 адам. Мониторингке алынған 2626 адамның 503 бақылау тоқтатылды. 16 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 2123 адамға мониторинг жүргізуде.
Қазіргі уақытта дене қызуымен және ЖРВИ белгілерімен 129 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 1 "б" санаты бойынша – 39 адам; 2 санат бойынша – 43 адам; 3 санат бойынша - 47 адам. Ауруханаға жатқызылғандар саны 129 адам, 65 азамат шығарылды. 73 адам стационарда қалады.
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен аталған пациенттер алгоритмге сәйкес инфекциялық стационарға жатқызылды.
Эпидемияға қарсы қажетті шаралар, оның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекция жасау жұмыстары жүргізілуде.
Айта кету керек, жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында.
Әлемдегі эпидемиологиялық жағдай
Әлемде 158 елде 169 374 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде:
ҚХР-да 80 884 (тәулігіне - 20 жағ.) жағдай (күн сайынғы өсім – 0,02%), оның ішінде - 3 199 өліммен аяқталған (өлім көрсеткіші – 3,9%). 66 911 адам жазылған (82,7%). Стационарларда 10 734 науқас қалады;
Әлемнің басқа елдерінде – 88 514 (круиз лайнерін қоса алғанда) оқиға (күн сайынғы өсім – 17,2% құрады), оның ішінде – 3 302 өлім, өлім көрсеткіші-3,4 %.
1 "а" санаты бойынша:
Италияда - 24747 оқиға (тәулігіне - 3590 жағ. өсім – 16,9%), қайтыс болғандар – 1809 (тәулігіне – 368, өсімі – 25,5%);
Иран – 13938 оқиға (тәулік ішінде - 1209 жағ. өсім-9,5%), қайтыс болғандар - 724 (тәулігіне - 113, өсім - 18,5%);
Оңтүстік Кореяда – 8162 оқиға (тәулігіне - 76 жағ. өсімі – 0,9% - ға), қайтыс болғандар саны – 75 (тәулігіне – 3, өсімі – 4,1%).
1" б " санаты бойынша:
Францияда - 5423 оқиға (тәулігіне – 954 жағ. өсім - 21,3%), қайтыс болғандар - 127 (тәулік ішінде - 36, өсім – 39,51%);
Испания - 7845 оқиға (тәулік ішінде – 1454 жағ.өсім - 22,7%), қайтыс болғандар – 292 (тәулік ішінде - 97, өсім - 49,7%);
Германия – 5813 оқиға (тәулік ішінде – 1214 жағ. өсім – 26,4%), қайтыс болғандар саны – 11 (тәулігіне – 2, өсім 22,2%).
Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін қатаң алдын алу шараларын сақтауға кеңес береді:
- қолды, бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
- адамдар көп жиналатын жерлерге мүлдем бармау;
- сырқат адамдарға жақындамау;
- суық тию белгілері пайда болған жағдайда ( дене қызуы жоғарылап, мұрын бітелсе, жөтел, тамақтың ауыруы) тез арада үйге жедел жәрдем шақыру қажет.
Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыздар және өзге де сұрақтар бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 байланыс-орталығына қоңырау шалуға болады.