Маңғыстау облысы әкімдігінің телеграм-арнасында Ақтаулық тұрғындар «Сергек» бейнебақылау камерасының қалай жұмыс жасайтыны жайында сауал жолдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
- Менде мынадай сұрақ: Сергек 60 км жылдамдыққа дейін депті. Сонда нақты қанша км/сағ? 59 ба, әлде 65-ке дейін бола ма?,-деді тұрғын облыстық әкімдіктің телеграм-арнасында.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлік құралының белгіленген қозғалыс жылдамдығы сағатына 10-нан 20км дейін арттырылады.
- Жылдамдық 60км/сағ болып белгіленген жүйе болса, камера 70 км/сағ жылдамдыққа артырғанда есепке алады,- деп жауап берді полиция департаменті.