Бизнесмен Қайрат Боранбаев «Қаражанбас Северный» мұнай кен орнын мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
“Оның өндірістік параметрлері – құны 35,4 млрд теңге болатын 2,6 млн тонна мұнай және 13,2 млн текше метр газ бар 143 ұңғыма. Боранбаев сондай-ақ тауарлық газды тасымалдаумен және сатумен айналысатын «Азия Газ Чунджа» газ таратушы компаниясын мемлекет меншігіне берді. Компанияның нарықтық құны 14 млрд теңгеге жуық. Сонымен қатар құны 9 млрд теңге болатын «Сервисный Центр КазТурбоРемонт» ЖШС мұнай-газ жабдықтарын өндіру және жөндеу зауыты мемлекет меншігіне өтеді», - делінген агенттік хабарламасында.