Жаңаөзен қаласында Қазақстан Республикасы мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері, техника ғылымдарының докторы, «QazagGaz ҰК» АҚ сараптамалық кеңесінің мүшесі, Жаңаөзен қаласының Құрметті азаматы Өтебаев Майлыбай Өтебайұлының 70 жасқа толуына орай бірқатар мерекелік іс-шаралар өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мерекелік шара әуелі Жаңаөзен политехникалық колледжі ғимаратында техника ғылымдарының докторы Майлыбай Өтебайұлының еңбектерімен толтырылған аудиторияның ашылу салтанатымен басталған.
Салтанатты жиынға Маңғыстау облысы әкімінің міндетін атқарушы Жұмабай Қарағаев, Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Жаңбырбай Матаев, Маңғыстау облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Төлетов және Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейт Қайнарбаев қатысты.
Шара барысында қонақтар «Мұнайшы» мәдениет үйінде еңбек ардагерінің өнегелі өмір жолы және ғылыми еңбектерінен фото деректері мен кітап көрмесін тамашалаған.
Сонымен қатар ақынның ерен еңбегі жайында «Еңбегімен елеулі Азамат» атты ғылыми конференция, «Восстановление производительности нефтяных скважин с применением новых технолоний» атты ғылыми еңбегінің тұсауы кесілді.
Еңбегі еленген ардагер ҚР Энергетика министрлігінің «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Кеш соңы «Мұнайшы» мәдениет үйінің өнерпаздарының мерекелік бағдарламасына ұласқан.