Қазақстанның Халық әртісі, әнші Роза Рымбаева Маңғыстау облысының барлық қала, аудандарын аралап, «Сахнада 50 жыл» атты ән кешін өткізеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ән кеші 8 наурыз күні Қарақия ауданының мәдениет үйінде, 9 наурыз күні Түпқараған ауданының аудандық мәдениет үйінде, 10 наурыз күні Бейнеу ауданына қарасты Бейнеу ауылының «Абыл» мәдениет үйінде, 11 наурыз күні Мұнайлы ауданының Ф. Оңғарсынова атындағы мәдениет үйінде, 12 наурыз күні Жаңаөзен қаласының «Мұнайшы» мәдениет үйінде, 13 наурыз күні Маңғыстау ауданының Отпан тау этномәдени кешенінде және 14 наурыз күні Ақтау қаласындағы Амфитеатр сахналық алаңында өткізіледі.