Белорусьтің Витебск облысына қарасты Браславск ауданындада Маңғыстау облысының Аташ ауылының тумасы Аязбай Бұрынбаевтың (Айзсбай Бурунбаев) жерленгенін өткен жылы анықтаған болатын. Сол уақытта аудандық әкімшілікке Кривосельцы ауылының тұрғындары өтінім білдіріп, зират ішінде елеусіз қалған қабір барын айтқан, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Алюминийден жасалған тақтайшада соғыс сарбазы туралы аз ғана ақпарат бар. Витебск облысындағы Видзов колледжінің қызметкері Виктор Бунта қабірде екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан екі сарбаздың жерленгенін анықтаған.
- Осы фотосуреттен біз Николай Овечкиннің бақылау пунктінде жау снарядының сынығынан бір өзі ғана емес, бірнеше адаммен қатар қаза тапқанын болжадық. Биыл ауыл тұрғындары екі Кеңес әскерінің екі сарбазын жерлегені туралы әңгімені еске алды. Мен Қызыл әскер бөлімшелерінің шығындары туралы есептерді алдын ала тексердім. Сол жерде жерленген жауынгерлердің есімін ешкім көрсетпеген. Екінші қабірде Аязбай Бұрынбаев болуы мүмкін. Оның есімі бір қабірге жерленгендердің тізімінде жоқ. Бұрынбаев пен Овечкин бір қабірде немесе әртүрлі қабірлерде болды ма, ол жағы белгісіз. Бір ған анық дерек, Бұрынбаев осында қаза тапқан. екіншіден, оның есімі аудан орталығындағы бауырластар зиратының тақтасында мәңгі сақталуы керек, - деді Виктор Бунта.
Марқұм болған Аязбай Бұрынбаев Түпқараған ауданына қарасты Аташ ауылында дүниеге келген. Ол соғысқар шақырылып, 1944 жылы шілде айында шабуыл кезінде Витебск облысының Брасласвк ауданында қайтыс болған. Бұл туралы сол уақыттағы қайтыс болғандардың тізіміне қатысты есеп бойынша анықтауға болады. Аталға мәліметке орай қайтыс болған адамдардың туысын іздеу қолға алынған.
- Шақыру парағында капитан Овечкинмен бірге дивизиондардың бірінде аспаз Аязбай Бұрынбаев та болды. Бұл шайқасқа қатысушылар үш аптаға жуық үздіксіз алға шығып отырған. Мүмкін, бәрі өз міндеттемелеріне қарамастан шайқасқа қатысқан шығар. Атырау қаласының тұрғыны Берік Шалабаев майдан даласында қаза тапқан қазақ сарбаздарының туыстарын іздеуде Беларусь еріктілеріне көмек көрсетіп жүр.
Видзов колледжінің мамандарының айтуынша, Аязбайдың есімі параққа қате жазылған болуы мүмкін. Бірақ "Память народа" сайтында олар атаудың барлық емлесін қарастырып отыр. Браслав ауданының атқару комитеті соғыс жылдарында аталған аумақта қаза тапқан сарбаздарды еске алу тақталарында Аязбай Бұрынбаев есімін мәңгілікке қалдыру туралы мәселені қарастырып жатқанын жеткізді. Бұл оның жақындарына соғыста хабар-ошарсыз кеткен атасының қабірін табуға көмектесені анық.