Пайдаланушылар танымал қазақстандық Telegram-арнада ұшақтар аспаннан графен оксидін шашатыны туралы теорияны алға тартуда. Кейбірінің пікірінше, адамдардың денесіне магнит пен металл заттарды тартуының себебі осы. Бұл фейк.
Бұл теорияның «дәлелі» ретінде автомобильдің әйнегінен пластикалық картамен шаң сүрткен ер адамның видеосы ұсынылып отыр. Ол магнитті шаңға жақындатқанда, оның бір бөлігі тартылады. Ролик авторы бұл ұшақтар шашқан графен оксиді деген қорытынды жасайды.
Бұл шындыққа жанаспайды. Неге екенін түсіндірейік.
Графен – қалыңдығы бір атом болатын көміртек атомдарының қабатынан тұратын материал. «Графен оксиді» термині графеннің оттегі бар функционалды топтармен және/немесе молекулалармен байланысын білдіреді. Құрылымында бір немесе бірнеше бор, азот, алюминий, фосфор, кремний, күкірт атомдары немесе оларға негізделген топтар болатын графен оксидтерібелгілі, мысалы, меламин, фосфин, силан, полисилоксан, сульфидтер және т. б. әр түрлі-полиэтиленгликоль, полиэфир, поливинил, полиакрил және т. б. сияқты полимерлермен өзгертілген графен оксидтері.
Графеннің өзі магнитке тартыла алмайды. Азотпен қосындыланған оксидтер ден басқа Оның оксидтері де магниттік қасиеттерге ие емес. (https://www.nature.com/articles/srep02566)
Графеннің ықтимал қолдану аясы зор. Оны өнеркәсіпте, химияда, медицинада, ғылымда және басқа салаларда қолдануға болады. Ғалымдар графен мен оның оксидтерінің қасиеттерін зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі уақытта бұл зат адамдар үшін қауіпті және ауыр ауруларды тудыруы мүмкін екендігі туралы ақпарат жоқ.
Оны елді мекендерге шашудың не үшін қажет екендігі белгісіз. Сонымен қатар, мұндай іс-шара өте қымбат болар еді: графен оксидінің бір граммының бағасы – нарықта 140 доллардан (60 102 теңге) 200 долларға дейін (85 860 теңге). Аспаннан шашу үшін ұнтақ түрінде тонналаған графен оксиді қажет болады. Ұшақтар халықтың көп бөлігін жою үшін қалалар үстінен химиялық заттар мен қоздырғыштар тастайтыны туралы химтрейлдер теориясы коспирологиялық болып табылады.
Оны әлемнің ғалымдары бірнеше рет жоққа шығарды. Бұл гипотеза пайда болған жылдар ішінде оған бірде-бір сөзсіз растау табылған жоқ.
Химтрейл теориясы туралы біз бұған дейін жазған болатынбыз.
Қорыта айтқанда, аспаннан графен оксидін шашу туралы болжамдар ғылымға қарсы. Ол бұған дейін теріске шығарылған химтрейл теориясына негізделген. Графен оксидтері, кейбір жағдайларды қоспағанда, магниттік қасиетке ие емес.