Каспий теңізінің Әзербайжан бөлігінде жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Каспий теңізіндегі жарылысқа байланысты Әзербайжанның экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Сейсмологиялық қызметтің республикалық орталығы тарапынан тексеру жүргізілуде», - делінген агенттік хабарламасында.
Ресми органның хабарлауынша, мамандардың алдын-ала нұсқасы бойынша, жарылысқа жанартаудың атқылауы себеп болуы мүмкін.