Маусымның 3-і мен 4 күндері аралығында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығымен: «Жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштер мен құралдарын дайындау» тақырыбы бойынша «Жер-2024» республикалық командалық-штабтық жаттығуы өткізіледі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Шара барысында маусымның 4 күні сағат 09:00-ден бастап электрдабылдары іске қосылады.
Сізден тыныштықты сақтауыңызды және түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз», - деп жазылған хабарламада.