Маңғыстау облыстық «Ана мен бала» перинаталдық орталығында ультра дыбыстық диагностика мамандарына арналған «Акушериядағы скринингтік технологиялар» және «Фетальды эхокардиография» тақырыбында шеберлік сағаты өтіп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәскеудің жетекші орталықтарынан келген УДЗ дәрігерлер, штаттан тыс бас акушер-гинеколог Сергей Мартиросян, медицина ғылымының кандидаты, УДЗ дәрігер Ольга Перевозкина және УДЗ маманы Дарья Смирнова жүктілік кезіндегі ультрадыбыстық скринингті енгізу тәжірибесімен бөлісуде. Шеберлік сағатының сәтті өтуі ExxonMobil Kazakhstan Inc корпорациясының қолдауымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, орталықта емделіп жатқан жүкті әйелдер мен гинекологиялық сырқаты бар науқастарды тексеріп, кеңес беріп жатыр.
Айта кетейік, бүгінгі күні перинатологияда ультрадыбыстық зерттеулерді енгізумен жүктіліктің қалыпты өту нәтижелерінің саны артты. Ультрадыбыстық зерттеулер жүктіліктің қалыпты өтуін, ұрықтың бұзылуын бақылауға, даму ақауларын, босанғаннан кейінгі және кіндік аномалияларын, жатырдағы операциядан кейінгі тыртықтың күйін анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, мерзімінен бұрын босану, жүктілікті ұзарту мәселелерін уақтылы шешу, босанғаннан және операциядан кейінгі асқынуларды анықтау, инвазивті зерттеу әдістерін жүргізу мәселелерін шешуде маңызы зор.